АУДАН БАСШЫСЫ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы Бірлік ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады. Жиын барысында округ тұрғындары көкейде жүрген мәселелі сұрақтарын қойып, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

2019 жылы Бірлік ауылдық округінде 1 көшеге асфальт, 5 көшеге тас төселген. Сонымен қатар, 14 көшеге ауыл тұрғындарының демеушілігімен жарықтандыру жұмыстары жасалған.

Округ аумағындағы Қ.Пернебаев, Табысты, Өркениет, Еркінабад, Алғабас, Қоңырат ауыл тұрғындарына таза ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізіліп, су есептегіш құралдары орнатылып, таза ауыз сумен толық қамтылған.

Бұған дейін округ аумағында Қ.Пернебаев және Қоңырат ауылдары табиғи газбен қамтылған болса, 2019 жылы Табысты, Өркениет, Алғабас, Еркінабад елді мекендері де табиғи газға қосылды.

Айта кетейік, Бірлік ауылдық округінің тұрғындары негізінен мектеп, мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу мәселесі мен амбулатория, ФАП құрылысын салу мәселесін көтерді. Сондай-ақ, аяқжолдар салу, көшелерді асфальттеу мәселесін де аудан басшысының назарына салды. Аудан әкімі тұщымды жауабымен жиынға қатысушылардың көңілінен шығып, тұрғындап тарапынан “жақсы” деген баға алды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған