АУДАН ӘКІМІ МАҚТААРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы Мақтаарал ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады.

Мақтарал ауылдық округінде өткен жылы көптеген кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілген. Атап айтқанда, Азаттық ауылындағы логистикалық орталықта автотұрақ, бассейін, газ құю бекеті, тамақтану орны және азық-түлік дүкені ашылса, Өркениет ауылында азық-түлік дүкені мен құрылыс материалдары және үй жиһаздары дүкені пайдалануға беріліп, ондаған адам жұмыспен қамтылған.

2019 жылы округте 5 көшеге асфальт, 3 көшеге тас төселген. Шаттық ауылында 104 үй табиғи газға қосылған. Сонымен қатар, Береке, Көкарал, Тұлпар, Мәдениет, Бақыт, Азаттық, Жұлдыз, Еңбекші ауылдарына табиғи газ толықтай тартылып, бүгінгі таңда газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Округ аумағындағы Өркениет ауылындағы “Оқу кварталы” көшесіндегі №4 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында балалар ойнайтын спорт алаңшасы ашылған. Сонымен қатар, 2 мектептің, 1 емхана, 1 СВА, 1 ФАП-тың құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, есептік жиын барысында Мақтаарал ауылдық округінің тұрғындары тарапынан қойылған сұраққа аудан әкімі Бақыт Насырханұлы тұщымды жауап беріп, тұрғындар тарапынан “жақсы” деген баға алды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған