МАҚТААРАЛДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімі Бақыт Асанов пен облыстық басқарма басшылары, аудандық бөлім басшылары қатысты.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылып, құрылыс, ауыл шаруашылығы, ағын су, жол, газ мәселелері бойынша келген тұрғындарды жеке-жеке қабылдаған облыс әкімінің орынбасары әрбір өтінішті қағазға түртіп отырды. Қабылдау барысында тиісті басқарма мен бөлім басшыларына тапсырма беріп, сол жерде түйінін тарқатты.

Айтылған мәселелер бойынша қосымша талдауды, зерделеуді қажет ететіндерімен сала мамандарымен біргелікте жұмыс жүргізіп, өтініш иелеріне қосымша хабарланатындығын жеткізді.

“Айтылған әрбір өтініш-пікірлеріңізді қарастырамыз. Тиісті басқармалар мен сала мамандарына тапсырмалар беріледі. Тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауыма аламын” – деді Мейіржан Мырзалиев.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған