МАҚТААРАЛДА “БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” және “Ұлы даланың жеті қыры” атта бағдарламалық мақалалары аясында 2019 жылы Мақтаарал ауданында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков төрағалық еткен жиынға Түркістан облысының “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің қызметкерлері Гулмира Бейсенбаева мен Мөлдір Усманова қатысты. Сондай-ақ, басқосуға аудандық білім мен мәдениет қызметкерлері, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері куә болды.

Б.Төребеков атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақалалары аясында өткен жылдың есебін берді.

Жалпы “Саналы азамат” базалық бағыты аясында ауданның барлық білім беру мекемелерінде “Букроссинг” бұрыштары орнатылған және үнемі жаңартылуда. Бүгінгі таңға оқушылар арасында 32600-ге жуық кітап алмасу шарасы ұйымдастырылған.

2019 жылдың 19 ақпанда “Ұлы даланың жеті қыры” жобасы аясында Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі” атты облыстық семинар өткізілді. Ал, “Алтын ұя” кіші жобасы аясында аудандағы мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл болған түлектер өздері оқыған мектептерде материалдық-техникалық базасын жақсартуға ат салысып, көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік жәрдем беріп келеді.

Сол секілді “Мектепке жол” жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында аудан мектептерінің аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасы балаларына 2019-2020 оқу жылының қарсаңында аудандық бюджеттен “Жалпыға міндетті білім қоры” есебінен 1340 оқушыға, “Мектепке жол” акциясы аясында демеушілер есебінен 1370 оқушыға мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдары үлестірілді.

“Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам” кіші жобасы аясында “Нұр Отан” партиясының бастамасымен 6 мектепте IT сыныптары ашылды. Ал, “Ұлы дала жастары” жобасы аясында қыркүйек айында білім беру мекемелерінің жас мұғалімдерінің қатысуымен “Ұл мен қыз – ұлт намысы” атты аймақтық тәжірибелік семинары өткізілді.

Бұдан бөлек, жалпы “Өлкетану”, “Тәрбие және білім”, “Атамекен”, “Рухани қазына” кіші бағдарламалары бойынша жүздеген іс-шаралар өтіп, “100 жаңа есім” жобасына қатысушылар кеңінен таныстырылған. “Ақпарат толқыны” бағдарламасы аясында да жүздеген мақалалар мен материалдар БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған.

Айта кетейік, Түркістан облысының “Рухани жаңғыру” жобалық кеңесінің қызметкерлері ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, жиынды қорытындылады.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған