ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Мақтаарал ауданының әкімі, ауданының прокуроры, ҚР ҰҚК-нің аудандық бөлім басшысы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық соттың төрағасы, “Қоғамдық келісім” КММ басшысы, аудандық “Тәжік”, “Славян”, “Өзбек”, “Әзірбайжан”, “Корей” этно-мәдени орталықтарының төрағалары өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум түзді.

Меморандумның негізгі мақсаты – Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша ұлтаралық түсінбеушіліктің, кикілжіңнің, қақтығыстың алдын-алу, этникалық мәселелерді теріс саяси мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған ортақ жұмыс жүргізу болып табылады.

Айта кетейік, меморандумдағы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша көп жақты әріптестік бағытта жұмыс жүргізілетін болады.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған