Мен ұзақ уақыт бойы базарда бейресми жұмыс істедім және жалақымды «қолма-қол» алып отырдым. Әрине, менде зейнетақы шарты да, шотым да болған жоқ. Ал қазір мен бір компанияға жұмысқа тұрдым, бірақ маған БЖЗҚ-да шарт жасау қажеттілігі жоқ деген хабарлама берді. Неліктен?

Міне, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілгеніне де бір жылдай уақыт болып қалды. 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне жүгіну қажет емес.Шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде жасалған электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетілген жеке деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрғылықты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша тек өткен жыл үшін 2019 жылы автоматтандырылған үрдіс көмегімен МЗЖ бойынша 400 мыңға жуық шот ашылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған