ӘЙЕЛ – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ

Ардақты аналар, аяулы арулар, қадірлі қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы! Сіздердің бойларыңыздағы қайрат пен қажыр, шапағат пен шарапат, қайсарлық пен құлшыныс күллі әлемнің тамырына нәр беретіні сөзсіз.

Бүгінде қыз-келіншектеріміз қоғамның қай саласында болмасын белсенді, беделді қызмет етуде. Еліміздің экономикасында, білімі мен денсаулық сақтау саласында, мәдениетпен бизнес көкжиегінде Сіздердің іздеріңіз бар. Сол тамаша талпыныстарыңызбен мақталы Мақтаарал ауданының дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Іскерліктеріңізбен қатар, қашанда отбасыларыңыздың ұйытқысы, ырыс-берекесі екендіктеріңіз анық.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөздері ананың қадірін біліп, асыл қасиетін түсінуге үндейді, мемлекет және қоғам болып аналарымызды алақанға салып аялауға шақырады.

Сіздердің махаббат тұнған жүректеріңіз бізге әркез сенім мен жігер береді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!..

 

Ізгі ниетпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
АСАНОВ БАҚЫТ НАСЫРХАНҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған