МАҚТААРАЛДЫҚ 10 ДӘРІГЕР ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА КӨМЕККЕ БАРДЫ

Тәжірибелі дәрігер Кенжебаев Ермек Талғатович бастаған Мақтаарал ауданындағы “Мырзакент” және “Атакент” аудандық ауруханаларының 10 медицина қызметкері Түлкібас ауданындағы Шақпақтас блог постына көмек көрсетуге барды. Арнайы киімдермен, тепловизорлармен жабдықталған құрам Жамбыл облысымен шекаралас аумақта Түркістан облысына кіріп жатқан автобустар мен жеңіл көліктердегі азаматтардың дене қызуын анықтап, медициналық тексеру жүргізуде.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған