ҮЙДЕН ШЫҚПАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН!

Құрметті мақтааралдықтар!
Қадірменді жерлестер!
2020 жылы 18 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан 646FNB13 нөмірлі автобуспен 51 азамат Нұр-Сұлтан-Шымкент-Жетісай бағыты бойынша шыққан. 20 наурыз күні аталған автобустан Шымкент қаласында 4 азамат қалып, соның біреуінен коронавирус инфекциясы анықталды.

Менің тапсырмаммен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы комиссия шұғыл әрекет етіп, автобустағы қалған 47 азаматтың 9-ы мақтааралдықтар екенін анықтады. Қазіргі уақытта сол азаматтармен қарым-қатынаста болған жалпы 21 азамат карантинге жабылып, денсаулықтарын бақылау үстіндеміз. Жалпы жағдай тұрақты.

Сіздерден өтінерім, барынша үйлеріңізден шықпаңыздар. Гигиеналық талаптарды сақтап, вирусты жұқтыруға мүлде жол бермеңіздер. Жақындарыңыз бен туысқандарыңызды ойлаңыздар. Ең бастысы, үрейге бой алдырмаңыздар!

Асанов Бақыт Насырханұлы,
Мақтаарал ауданының әкімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған