Ақпарат алу үшін хабарласқан тұрғынға түсіндірме

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылы 18 сәуірінде №212 бұйрығымен төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен келісім-шарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеудің қағидасын бекітті.
Қағидаға сәйкес, коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу, коммуналдық қызметтер бойынша арнайы санаттағы тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Өтініш берген келесі санаттағы азаматтардың абоненттік шоттарына екі ай ішінде 15 мың теңгеден жіберілетін болады:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

Коммуналдық қызметтерді жеткізушімен шарт осы отбасы мүшелерінің бірінің атына болуы тиіс. Мысалы, үй әкесінің атында болып дербес шоттары жұбайының (баласы, қызы, атасы және т.б.) атында болса да әкесі жұбайының атына тіркелген дербес шоттарын көрсетеді.
Аталған көмекті алуға өтінім білдіру мамыр-маусым айлары аралығында қабылданатын болады.

Ауданда арнайы Сall-орталық құрылды:
+7 725 412 1089
+7 725 412 1972
+7 725 412 1961
+7 725 412 1978

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған