МАҚТААРАЛ: ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА 120 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан орталық қоймада 608 тонна азық-түлік жиналған. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға бүгінде оның 126 тоннасы үлестірілді. Қоймаға күнделікті Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмектер келуде. Қазіргі таңда қоймада 200 тоннаға жуық ұн, 22 тонна ет, 70 тоннадай көкөніс, сондай-ақ, көрпе-төсек пен киім-кешектер бар.

Бұдан бөлек, жаңадан құрылысы жүретін тұрғын үйлерге қажетті құрылыс материалдары да жинақталды. Атап айтқанда, қоймаға 20 000 дана кірпіш, 100 тонна цемент, 700-ден астам ағаш, 108 қорап гипсокартон, құрылыс ұнтақтары келген. Аталған материалдар Мырзакенттегі бой көтеріп жатқан жаңа мөлтекауданның құрылысына жұмсалады.

Айта кетерлігі, “Біз біргеміз” акциясы аясында Мақтааралға Нұр-сұлтан мен Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарынан және Қазақстан халық Ассамблеясы тарапынан көмектер келді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар да атасалысуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған