600 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҮШІН 600 ТОННА ТЕГІН ҚЫРЫҚҚАБАТ

Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталған болатын. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, тұрмыстық-техникалық, құрылыс заттары және киім-кешектер.

Еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатқан көмекке алғыс қайтару мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен жеке кәсіпкер Қанат Маратұлы өзі өсірген 600 тонна қырыққабатты гуманитарлық көмекті тиеп алып келген жүк көліктеріне тегін таратуда.

“Мақтаарал ауданының Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Марат Мырзахметовтың баласы Қанат өзі өсірген 600 тонна қырыққабатты әр облыстан гуманитарлық жүк акелген «Камаздарға» тиеп беріп жатыр. Оған өзім куә болдым!” – деді ауданда жұмыс сапарымен болған Парламент мәжілісінің депутаты Бақтыбек Смағұл.

Айта кетейік, эвакуациялық пункттерде орналасқан азаматтардың қажеттілігіне байланысты 218 тонна тауарлар босатылған.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған