Бес жыл бұрын БЖЗҚ-да маған шот ашылды. Өкінішке орай, соңғы уақытта менің ресми жұмысым болмай ешқандай аударым жасай алмадым. Менің зейнетақы жинағым күйіп кетті ме?

Бес жыл бұрын БЖЗҚ-да маған шот ашылды. Өкінішке орай, соңғы уақытта менің ресми жұмысым болмай ешқандай аударым жасай алмадым. Менің зейнетақы жинағым күйіп кетті ме? 

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз Сіздің меншігіңіз болып табылады және жеке зейнетақы шотыңызда зейнеткерлік жасқа толғанға дейін немесе оларды төлеу үшін өзге де негіздер туындағанға дейін сақталады. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталатынын және олардың нақты әрекет ету мерзімі жоқ екенін есте сақтаған жөн. Бұған қоса оларға тұрақты түрде инвестициялық табыс есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында шоттағы қаржыға ол біткенге дейін есептеледі. Егер Сіз зейнеткерлікке шығып, зейнетақы төлемін ала бастасаңыз да шоттағы қалған жинағыңызға инвестициялық табыс есептеліп отырады.

Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемін алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып,  олар аударған міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталатынына кепілдік береді («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған