Мен жақында босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға дайындалып жүрмін. Жұмысымды тоқтататындықтан зейнетақы жинақтарымның жай-күйі не болмақ?

Сәбиіңізді дүниеге әкелгенннен кейін Сізге бала күтіміне байланысты демалыста отырған аналарға арналған мемлекеттік қаржылай көмек берілуі тиіс. Осындай нысандардың бірі – бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) субсидиялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-тарауы 4-тармағына сай МЗЖ-ны бюджет қаражаты есебінен субсидиялау әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына ай сайын жүзеге асырылады.Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін анасының жеке зейнетақы шотына ай сайын бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы жарналары аударылып отырады.

МЗЖ субсидиялау барысында әйелдердің зейнетақы аударымдарының мөлшері төмендемейді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алған кезең ішінде бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері әйелдің есептелген табысы мөлшерінің деңгейінде сақталады.

Яғни, міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейінгі белсенді еңбек қызметі кезеңінде аударылған МЗЖ (табыстың 10%) деңгейінде сақталады. Осылайша 10 %-дық жарнаның:

4% – бала күтіміне байланысты төлем аударатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ);

6 % – республикалық бюджеттен (субсидия) бөлінеді.

Мысалы, бала туғанға дейін әйелдің ай сайынғы жалақы мөлшері 150 000 теңгені құрады делік. Ай сайын оның БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына осы сомадан 10% МЗЖ, яғни 15 000 теңге аударылып отырған еді. Босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққаннан кейін осы жарнаның сомасы сақталуы тиіс, бұл ретте табыстың 4% (6000 теңге) МӘСҚ-дан, ал 6% (9000 теңге) республикалық бюджеттегі субсидиялар есебінен төленеді.

Айта кету керек, мемлекеттік субсидияларды есептеу үшін құжаттар жинау немесе бір жерге өтініш берудің қажеті жоқ. Субсидиялар бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы есептеу кезінде әйелдің зейнетақы шотына автоматты түрде есептеледі және аударылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған