Сұрайын дегенім, біздің ақшамызды кім инвестициялайды, БЖЗҚ ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкіл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтіп отыруға бола ма?

Жақында БЖЗҚ салымшыларына есептелетін инвестициялық табыс көбею жағына қарай да, азаю жағына қарай да өзгеріп отыратындығы туралы оқыған едім. Сұрайын дегенім, біздің ақшамызды кім инвестициялайды, БЖЗҚ  ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкіл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтіп отыруға бола ма? 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган – ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес. ҚР Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы – БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Екінші мәселеге қатысты, тәуекелдерді басқарудың базалық қағидаттарына сай барлық зейнетақы жинақтарын құралдардың бір түріне жіберуге жол берілмейтінін атап өткен жөн. Сондықтанпортфельді валюталар мен құралдар түрлері бойынша әртараптандыру, инвестициялардың жағрафиясын, зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл тәуекелдерді төмендетіп, жалпы зейнетақы портфелін қорғауды қамтамасыз етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған