МАҚТААРАЛ: СУ БАСҚАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елді мекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Айта кетейік, аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елді мекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда.

Сондай-ақ, Достық елді мекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жалпы 3 арнайы техника, 20 қызметкер жұмылдырылып, бірқатар жұмыстар атқарылған.

Ал, Келес ауданына бекітілген Фирдауси елді мекенінде 170 -тен аса үй арнайы сараптамадан өтіп, бұзу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда аталған елді мекендегі Нұрдала көшесінде 14 үй бұзылып, 4 үйдің алаңы тазартылған. Әр үйден шығып жатқан қоқыстың басым бөлігі былшық саз болғандықтан, орта есеппен тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылуда.

Фирдауси елді мекеніндегі жалпы 2377 азаматтың 1500- нан астамы Келес ауданына бекітілген 4 эвакуациялық пунктке жайғасқан. Қалғаны туған туысқандарының үйінде.

Дәл осындай жұмыстар Өргебас пен Жеңіс ауылдарында да жалғасуда. Бұл аймақтардағы тазалық жұмыстарын Жетісай мен Шардара аудандары жүргізуде.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған