МАҚТААРАЛДА ЕРІКТІЛЕР ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ПАЙДАЛАНУДЫ ҮЙРЕТТІ

Мақтаарал ауданында еріктілер белсенділік танытып, аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметті электронды түрде пайдалануды үйретуде. 

Облыс орталығы Түркістан қаласындағы ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдылары бойынша оқу курсынан өткен мақтааралдық Ұлдана Дәуренбекқызы ерікті түрде аудан орталығы Мырзакент кентіндегі халық көп келетін мемлекеттік мекемелерде тұрғындарға мемлекеттік қызметті алудың тиімді тетіктерін түсіндіруде.

Аталған бастама ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің “Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру” жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Маусым айынан бастап еріктілер тұрғындарға электронды үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алуға онлайн тапсырыстар беру, “e-gov”, “telegrаm” желісінде қызметтер алу, кезекті алдын ала брондау жолдарын үйретуде.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды “Еріктілер жылы” деп жариялағаны баршамызға белгілі.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған