ХҚО-ға кезекті электронды брондау

Достар, бүгінде ХҚО-ға бару үшін алдын ала брондау жасау керектігі белгілі.
Мұны Egov.kz порталы арқылы қалай алуға болатынын бүгін Oqy&Toqy айдарында айтып береміз.
ОЛ үшін 👇
1. Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
2. Басты беттегі «Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау» сілтемесіне кіріңіз
3. Ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз
4. Қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз
5. Әрі қарай орталыққа бару күні мен уақытын көсетіңіз
Кезек уақыты брондалды!
ХҚО-ға бронь уақытынан 10-15 минут бұрын барып, бетперде киюді ұмытпаңыз 😉

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған