ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУҒА ЖОЛ ЖОҚ

19 маусым күні Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы, Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Жетісай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Мақтаарал және Жетісай ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Мақтаарал мен Жетісай аудандарының кіреберісінде заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шара нәтижесінде, 15 автокөлік иесіне әкімшілік хаттамалар толтырылып, сақтық шараларын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған