Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру

Егер сіз некені тіркеу, туу, өлім, ажырасу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту сияқты қызметтердің электронды акт жазбаларынан қате тапсаңыз немесе құжатыңызды мүлдем таба алмасаңыз не істеу керектігін білесіз бе? Бұл туралы #oqy&toqy айдарында айтып береміз. Алдымен Egov.kz порталына кіріп, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Порталдың басты бетіндегі сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметін» табыңыз
2. Ашылған терезеден акт жазбасының түрін таңдау қажет
3. Өтініш беру санатын толтырыңыз да «Іздеу» әрекетін басыңыз
4. Егер көрсетілген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректерді толық толтырып шығыңыз
5. Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басыңыз да, талап етілген мәліметтерді толтырып шығыңыз
6. «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшірмесін жүктеңіз
7. Өтінішті ЭЦҚ немесе бір жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз.
Сұрау салған қызмет бойынша жауап 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған