МАҚТААРАЛДА ЛИЦЕНЗИЯСЫ ЖОҚ ДӘРІХАНА АНЫҚТАЛДЫ

Мақтаарал ауданының прокуратурасы мен еріктілер және арнайы құрылған мониторинг топ жергілікті атқарушы және қылмыстық қудалау органының қызметін үйлестіру арқылы бірқатар дәріханаларға шаралар көрді.

Мәселен, 17-шілде күні ауданда құрылған мониторинг топтың мүшесі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Бейсенов Русланбек Алимович аудандық полиция бөліміне Атакент кенті, Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан “ЖК Асылбекова” дәріханасына жедел тергеу тобының келуін сұраған.

Аталған хабарламаны тексеру барысында Мақтаарал ауданы әкімдігі қызметкерлері тарапынан 07.07.2020 жылы шыққан №286 санды “Мақтаарал ауданында бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штаб құру туралы” қаулысына сәйкес, “ИП Асылбекова” дәріханасының тиісті лицензиясы болмаған.

Осы деректі жедел тергеу тобымен тексеру барысында “ЖК Асилбековаға” тиесілі лицензия Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесінде орналасқан дәріханаға берілгені, алайда Атакент кенті, Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан дәріханаға тиесілі емес екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, дәріханадан дәрі алу барысында “Аспирин” дәрісі мен қорғаныш маскалары шектік бағадан артық төлемақы сұрағаны анықталған.

Айта кетейік, жинақталған іс-құжаттардың барлығы тиісті шара қолдану үшін “Фарм контрольге” жолданды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған