ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл тұрғындарына баспана салу үшін мемлекет тарапынан берілген 17 млн. теңгенің 50 пайызы толық аударылған. Ауыл тұрғындары екінші транш бойынша қалған қаражаттың 25% -на құжат өткізіп, қаржы ала бастады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездескен ауыл тұрғындары жұмыстың тоқтаусыз жүріп жатқаны үшін алғыс айтты.

Бұдан бөлек, топан судың зардабын көрген барлық отбасыға кәсіпкер Әлішер Усмановтың қоры есебінен әрбір жанұяға 425 мың теңгеден (1000 АҚШ долларынан) берілген. Сондай-ақ, отбасының әр мүшесі мемлекет тарапынан 100 мың теңгеден қаржылай көмек алды.

Түркістан облысының әкімі кезекті рет Мақтааралға жұмыс сапарымен келіп, Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылады. Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Тынымсыз жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерген облыс басшысы мобильді топ жұмысының тиімділігіне оң баға берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған