МАҚТААРАЛДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Ата заң – айбарым!” атты салтанатты іс-шарасы тікелей эфир арқылы өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі онлайн режимде барша аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады.

Ата Заң Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси жүйенің негізі, қоғамымыздағы тұрақтылықтың кепілі болып табылатындығына тоқталған аудан басшысы еліміздің жетістіктері – Ата Заңымыздың арқасы екендігін тілге тиек етті.

“Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Сондықтан, Ата Заңымыздың мерекесі аясында Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бітпес бақ-дәулет тілеймін!” – деді Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, мерекелік кештің соңы “Мақтаарал” мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған