АУДАН ӘКІМІНІҢ БОЛГЫ

Армысыздар, жерлестер!

Менің жеке блогыма қош келдіңіздер!

Мақтаарал ауданы – Республикадағы халқы ең тығыз орналасқан аудандардың бірі. 130 мыңнан аса халқы бар өңірдің әрбір тұрғынының мәселесі мен үшін маңызды.

Менің жеке блогым – Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ашықтығының тағы бір дәлелі. Бұл ауданымыздың әрбір азаматы үшін, көптеген тосқауылдарға қарамай, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, жаңа ақпараттармен бөлісе алатын, сонымен қатар, әкімдік жұмысындағы кемшіліктерді нақты көрсететін тиімді құрал болып табылады. Сіздердің қоғамдық ой-пікір арқылы жолданған арыз-шағымдарыңыз бен өтініштеріңіз әкімдік жұмысының шынайылығын көрсетеді.

Біздің арамызда байланыс орнап, Сіздердің ой-пікір, ұсыныстарыңызды жұмыс барысында мүмкіндігінше қолдануға, реттеуге, кемшіліктерді түзетуге пайдалы болады деп сенемiн.

Жалпы осы блог Сіз үшін ғана емес, біздің саланың дамуына мейлінше ықпал етеді деген ойдамын.