МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданындағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында мақта дақылын күзгі жиын-терім науқанына дайындау мәселелері жөнінде арнайы семинар-кеңес өтті. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тимур…

Ары қарай оқу

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы ең алдымен ауданындағы «Отан Ана» шаруа қожалығының дала жұмыстарымен танысты. Мұндағы диқандар жоңышқа, дәнді жүгері, қарбыз және басқа да көкөністерді егумен айналысады. Достық ауылында орналасқан шаруа қожалығы 73,9 гектар алқапта орналасқан. Шаруалар соңғы жылдары кеңінен қолданатын тамшылап…

Ары қарай оқу

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА АЙТЫЛҒАН ЖӘНЕ ОДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА БАРШАҢЫЗДЫ ШАҚЫРАМЫН!

Құрметті мақтааралдықтар! Қадірменді жерлестер! Өздеріңізге белгілі, 2019 жылдың 2-қыркүйегінде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, сессияны ашқаннан кейін, Парламент трибунасынан Қазақстан халқына өзінің “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” деп аталған Жолдауын жариялады. Президент сөзінің…

Ары қарай оқу

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М.МЫРЗАЛИЕВ МАҚТААРАЛДЫҢ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. Ең алдымен М.Иябайұлы аудан орталығы Мырзакент кентіндегі “Мырзакент” мақта өңдеу зауытына барды. Ермахан Жабуовтың басшылығындағы өндіріс ошағының жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайды. Мақта шикізатын…

Ары қарай оқу

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2-ші қыркүйектегі халыққа арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған облыстық ақпараттық-насихаттық топ Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

Қоғамдық келісімді, қазақ ұлтының ізгі қасиеттерін, қазақ халқының мемлекетіміздегі аға ұлт екендігін, мемлекеттік саясаттағы достастықтың, ынтымақтастықтың рөлін насихаттау бағытында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы “Қоғамдық келісім” Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Ф.Мажитов бастаған бір топ ғалымдар Мақтаарал ауданының…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ПРОБАЦИЯ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында пробация үйі ашылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығының басшылары және мамандары қатысты.  Пробация үйінің негізгі міндеті…

Ары қарай оқу

АРЫС – БІЗДІҢ БІРТҰТАСТЫҒЫМЫЗДЫ КӨРСЕТТІ

Құрметті мақтааралдықтар!  Қадірменді жерлестер!  24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай тек арыстықтардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың еңсесін еңкейтіп, қабырғасын қайыстырды. Оқиғадан кейін туған қаласын еріксіз тастап шыққан арыстықтарға Арқа мен Алатаудың, Алтай мен Атыраудың арасындағы түгел жұрт…

Ары қарай оқу

АРЫС-МАҚТААРАЛ: ДОСТЫҚ ЖЕҢДІ

Жарылыстан кейінгі күрделі жөндеуден өткен “Арыс” орталық стадионында “Арыс” футбол командасы мен Қазақстан Республикасының бірінші лигасында ойын көрсетіп жүрген “Мақтаарал” футбол командасы өзара жолдастық кездесу өткізді.  Футбол додасына Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, қос командаға сәттілік тіледі. “Бүгін…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АРЫС ҚАЛАСЫНДА АС БЕРДІ

Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды қалпына келтіру, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ісі бойынша Мақтаарал Ауданы мен Шығыс Қазақстан облысына бөлінген 8-секторда негізгі құрылыс жұмыстар толығымен аяқталды.  Секторға қарасты 527 үйге қайта жөндеу жұмыстары жасалып, 5 үй…

Ары қарай оқу

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 8-ШІ СЕКТОРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

Арыс қаласының 8-ші секторында негізгі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған секторда жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына жауапты Мақтаарал ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы болатын.  Секторға қарасты 527 үйге қайта жөндеу жұмыстары жасалып, 5 үй толық қайтадан құрылды. Ол…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫН АТАКЕНТ КЕНТІНІҢ ҚҰРАМАСЫ ИЕЛЕНДІ

30 тамыз – Конституция күні қарсаңында Мақтаарал ауданында үлкен футбол тойы өтті. Бүгін “Жастар жылы” аясында “Спорт – денсаулық кепілі” атты ұранмен аудан әкімінің кубогы үшін ересектер арасында өткен Мақтаарал ауданының біріншілігі өз мәресіне жетті.  Елбасы “Жаңа онжылдық – Жаңа…

Ары қарай оқу

ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ БАРЛЫҒЫ КОНСТИТУЦИЯМЫЗДЫҢ АРҚАСЫ

Құрметті мақтааралдықтар!  Қадірменді жерлестер!!!  Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция екені даусыз. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.  1995 жылдың 30 тамызы ҚР-ның Конституциясы қабылданып,…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Ата заң – айбарым!” атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов барша аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады.  Ата Заң Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА МҮГЕДЕК БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

30 тамыз – ҚР-ның Конституциясы күні қарсаңында Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде “Үміт бер” атты мүгедек балалар орталығы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімінің кеңесшісі Мұрат Айдарбеков қатысып, жиынға қатысушыларды арнайы құттықтады.  Жаңадан ашылған орталықта науқас жеткіншектердің сауығып кетуіне барлық жағдай жасалған.…

Ары қарай оқу

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

Мақтаарал ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан іс-сапармен келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.  Ең алдымен депутат Атакент кентінде салынып жатқан жаңа емхананың құрылысымен танысты. Емханаға дейін келетін жол, көпір мәселесіне қанық болып, оны шешуге ықпал жасайтынын айтты. Депутат басқа…

Ары қарай оқу

СІЗДЕРДЕН ТЕК ҚАНА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ ТАЛАП ЕТЕМІН!

Құрметті жерлестер!  Қадірменді ұстаздар қауымы!  Тамыз кеңесі – бұл тамыры терең, тағлымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға салатын – жауапты жиын. Биыл жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында екінші рет өтіп жатқан аталған жиынға “Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚ ҰСТАЗДАР ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ БАС ҚОСТЫ

Мақтаарал ауданының “Мақтаарал” мәдениет үйінде дәстүрлі “Тамыз кеңесі – 2019” конференциясы өтті. Тағлымы мол жиынға биыл “Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту” атты тақырып берілді.  Ең алдымен аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев,…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚ 250 ОҚУШЫ “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП СӨМКЕСІ ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданында “Мектепке жол” акциясы аясында 250 оқушы мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.  Бас демеуші – HELIOS компаниясы.   Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен өткен акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚТАР ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АТСАЛЫСУДА

Күллі түркі әлемінің құтты мекені болған Түркістан қаласын түлетуге мақтааралдықтар да атсалысуда. Қаланы абаттандыру үшін Мақтаарал ауданы мен облыстық энергетика басқармасы 4-секторға бекітіліп, қазіргі таңда тазалық жұмыстары басталып кетті.  Өткен аптаның соңында 4-секторда мақтааралдықтар сенбілік өткізді. Тазалық шарасына жалпы 110…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА БЕТОН ЗАУЫТЫ АЙЫНА 25-30 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРУДЕ

Мақтаарал ауданында айына 25-30 миллион теңгенің дайын өнімін шығаратын бетон зауыты жұмыс істеуде. Шолпан Дүйсенбина басшылық ететін “Ғибрат Құрылыс” ЖШС-і Мақтааралда ПУИД-2 жобасы аясында жалпы жобалық құны 115 миллион теңгенің тапсырысын қабылдап, ағын су жүйелерін салу мен оларға қажетті өнімдер…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Күні кеше өткен аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев аудандағы білім ошақтарының 2019-2020 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндама жасады.  Ең алдымен жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында білім беру ұйымдарының…

Ары қарай оқу

ӘНШІ ГАУҺАР ӘЛІМБЕКОВА ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасының белгілі әншісі Гауһар Әлімбекова өзінің туған жері Мақтаарал ауданының “Достық” мәдениет үйінде шығармашылық концертін өткізді. Мәдени іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, әншіге деген жылы лебізін жеткізді.  “Гауһар лириканы жақсы көреді. Оның сырға толы, мұңға толы ғажайып…

Ары қарай оқу

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ – ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ

Құрметті жерлестер!  Мақтаарал ауданының тұрғындары!  Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін –…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚТАР АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданында “Адал жолды таңдаймыз!” атты жастар марафон-эстафетасының қорытындысына арналған кең көлемде салтанатты іс-шара болып өтті. Жиынға арнайы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сапар Жантөреев, Мақтаарал ауданы әкімінің…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а. Бейсенбай Төребеков аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, аталған бөлімнің жаңа басшысын таныстырды.  ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29, 30…

Ары қарай оқу

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗДАРЫН ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАУДА

Әлемдегі ең тәтті қауын-қарбыздар Мақтаарал ауданында өседі. Бұл – Ресейлік және Еуропалық кәсіпкерлердің сөзі. Бұған дәлел, маусым кезінде күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады. Биыл аудан шаруалары 10…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а. Бейсенбай Төребеков аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін, аудандық жастар ресурстық орталығының және аудандық мәдениет үйінің, аудандық тілдерді дамыту орталығының басшылары және қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ӨРЛЕДІ

ҚР-ның Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында өңірдегі аудан, қала әкімдіктеріне тапсырылған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында мемелкеттік қызметшілерді шығармашылық тұрғыда қолдау, сондай-ақ оларды қоғам алдында жаңа қырынан таныту мақсатында дарынды мемлекеттік қызметшілер арасындағы шығармашылық сайыстың жеңімпаздарды анықталып отыр.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудан әкімі м.у.а. Бейсенбай Төребеков аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Байымбетов Мұқан Халсаттарұлын аудан активіне таныстырды.  Б.Төребеков жаңа басшыны тағайындалған қызметімен құттықтап, алдағы ісіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, оның өмірбаянын оқып…

Ары қарай оқу

ҚҰРБАН АЙТ – МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ ШАҚЫРАТЫН ҚАСИЕТТІ МЕЙРАМ

Құрметті мақтааралдықтар!  Қадірменді жерлестер!  Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!  Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам. Сондай-ақ, ол – діни мереке…

Ары қарай оқу

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕ ҒАНА ҚАРҚЫН АЛАДЫ

Қадірменді құрылысшылар!  Тамыз айының екінші жексенбісі – заманның ең керек мамандығына айналған құрылысшылардың төл мерекесі. Сондықтан, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүрекпен құттықтауға рұқсат етіңіздер!  “Тұрғын үй құрылысы – экономикамыздың жаңа локомотиві”. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл сөзі Тәуелсіз Қазақстанның дамуында…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ НАУҚАН ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін аймаққа айналдырған “Достық” каналының арнасынан биыл су кеткен жоқ. Бастауын Өзбекстаннан алатын каналдан келетін су бұған дейін жаз ортасында мақтааралдық диқандарға жетпей, шаруалар шаш етектен шығынға батып, төккен терлері текке кететін. Бүгінгі таңда мақталы…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚ ДИҚАНДАР ЕҢБЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІН КӨРУДЕ

Мақтаарал ауданында 60926,3 гектар егістік жер бар. Биыл 38185 гектар жерге мақта, 1827,6 гектарға ерте егілетін көкөніс, 54,2 гектарға картоп, 2003 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескі жоңышқа, 3178 гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға сүрлемдік жүгері, 1615 гектарға күріш, 152…

Ары қарай оқу

МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНІҢ 160 ГЕКТАР ЖЕР ТЕЛІМІНЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

Құрылғанына енді ғана бір жыл болған Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналып үлгерді. Қазір аудан орталығы Мырзакент кентінде жүргізіліп жатқан абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары мен жол, аяқжол құрылыстары сөзіміздің айқын дәлелі болмақ. Мұндай жұмыстар Атакент кенті мен ауданымыздың барлық елді мекендерінде алдағы…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА 39 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ БАС ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Мақтаарал ауданында 2 кент пен 67 елді мекен орналасқан. Ауданды құрылыстың ордасына айналдырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір елді мекенге бас жоспар керек екені белгілі.  2018 жылғы дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2 кент және 28…

Ары қарай оқу

“БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА МАҚТААРАЛДЫҚТАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін республикалық “Бірге – таза Қазақстан” жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке мақтааралдықтар белсене атсалысты.  Мақтаарал ауданы – елімізді көршілес Өзбекстан Республикасымен байланыстыратын негізгі қақпалардың бірі. Мұнда күніне шекара асып, келіп-кететін көрші ел азаматтарының саны басым. Келген қонаққа қазақтың қонақжайлылығы…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданында әкімдік мәжілісінің кезекті отырысы өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров, аудандық дербес бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық ауруханалар, аудандық полиция бөлімі,…

Ары қарай оқу

ЛӘЗЗАТ НҰРТАЕВА БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКУРГІНІҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайлаудан жеңіп шыққан Нұртаева Ләззат Лесбековна аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Бірлік ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.  Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қайта тағайындалған әкімнің қызметіне сәттілік тілеп, қызмет…

Ары қарай оқу

ӘЛЕМГЕ ЕРЛІК ПЕН БАУЫРМАЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ БОЛҒАН ТАСЫБАЙ ӘБДІКӘРІМОВТЫ АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Польша Президенті Анджей Дуданың ең жоғарғы марапаты “Ерлік пен бауырластық” медалін алған мақтааралдық қария Тасыбай Әбдікәрімовты жеке қабылдады.  Жиын барысында ақсақалдың Польшаға сапары туралы сөз болып, күллі Варшава тұрғындарының қарияны зор құрметпен күтіп алғаны туралы…

Ары қарай оқу