АУДАН ӘКІМІ “АЛТЫН БЕЛГІ” ЖӘНЕ “ҮЗДІК АТТЕСТАТ” ИЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Мақтаарал ауданында “Жастар жылы” аясында аудан әкімі Бақыт Асановтың мектеп бітіруші түлектерге арналған “Жолың болсын, жас түлек!” атты салтанатты кеші өтті. Іс-шара барысында сөз алған аудан басшысы түлектерге ақ жол тілеп, “Алтын белгі” және “Үздік аттестат” иегерлерін марапаттады.  “Адамзат қашанда…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР-ның “Еңбек” кодексінің 30, 33, 34-баптарына, ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Қазақстан жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33, 37-баптарына, ҚР-ның “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 19, 28-баптарына сәйкес, аудан әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Серикбаев Муратбек Тулапович Мақтаарал ауданының…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА ПУИД-2 ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Суармалы жер – мемлекетіміздің алтын қоры десек, ақ алтынымен танымал Мақтаарал ауданына қарасты 61 мың гектарға жуық егістік алқаптың барлығы да суармалы жер екені белгілі.  Соңғы жылдары жер асты суларының тез көтерілуі жердің сорлануына алып барып, аудан шаруаларының мол өнім…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР ҚОЗА БАПТАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Мақтаарал ауданы – ақ алтынның отаны. Ауданда жалпы көлемі 61 мың гектарға жуық жер бар болса, биыл 38 мың гектардан аса жерге мақта дақылы егілген. Шаруалардың зиянкестерге төтеп беруін және агротехникалық шараларды дұрыс жүргізуін ұйымдастырып, күзде мол өнім жинауына жағдай…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АНТ БЕРУ РӘСІМІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН ТАМАШАЛАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ант беру рәсімі өтті. Рәсімге елбасымыз, ҚР-ның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қатысты. Айтулы жиынды Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұжымы тікелей эфирден көріп, тарихи оқиғаның куәсі болды. Конституцияға сәйкес, Республика…

Ары қарай оқу

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

“Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы  №4-2/664 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 427 бұйрығына сәйкес, субсидия…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА БЕЛСЕНДІ САЙЛАУШЫЛАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛУДА

ҚР Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мақтаарал ауданының жастары сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс бергендер мен белсенді сайлаушыларға сый-сияпат жасауда деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.  Республикадағы барлық сайлау учаскелері секілді Мақтаарал ауданындағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өздерінің жұмысын бастады. Әрбір сайлау учаскелерінде…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА ЗАМАНАУИ АВТОБЕКЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданының орталығында жаңадан “Мырзакент” автобекеті пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкер Жолдас Телғазиев нысанды тұрғызуға 50 млн. теңге қаржысын жұмсап, аудан тұрғындарын зор қуанышқа кенелтіп отыр.  Заман талабына сай лайықталып жасалған автобекеттің ресми ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов пен…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА “АЛТЫН САРАЙ” ДЕМАЛЫС КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде “Алтын сарай” демалыс кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Құны 100 млн. теңгені құрайтын нысанда аудан тұрғындары мен қонақтар қонақ үй, мейрамхана, бассейн қызметін бір уақытта пайдалана алады.  Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақыт Асанов кәсіпкерліктің…

Ары қарай оқу

БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!!!

Құрметті балалар және аудан тұрғындары!  Cіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Балаларды қорғаудың халықаралық күні 1949 жылдан бері аталып өтіп келеді. Жаздың бірінші күніне дәл келетін бұл күн – ең ерекше мерекелердің бірі. Өйткені, бала –…

Ары қарай оқу

ОЛАР БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ЛАЙЫҚТЫ!

Құрметті бүлдіршіндер! Сіздерді 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр уақытта аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспін! Елдің ертеңі болар жастарымыз балалар! Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында тәрбиелі де, білімді ұрпақ өсіру – ең бірінші кезекте тұр. Мәселен, аудан бюджетінің басым бөлігі білім саласына бағытталса, дәл осы салада 4 мыңға жуық ұстаздар қауымы қызмет етуде. Бүгін бұл туралы 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай…

Ары қарай оқу

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРБІР АЗАМАТЫ ҮШІН САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Құрметті мақтааралдықтар!  Қадірменді жерлестер!  Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚТАР ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Биыл ашаршылыққа 87 жыл, қуғын–сүргіннің етек алғанына 82 жыл толыпты. 31 мамыр – саяси қуғын–сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінің “Достық” мәдениет үйінде арнайы іс-шара өтті.  ХХ ғасырдың басындағы күштеп ұжымдастырудың салдарынан болған қолдан…

Ары қарай оқу

АУДАН ӘКІМІНІҢ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімі Бақыт Асановтың балаларға арналған ақ дастарханы жайылды. “Әйгерім” мейрамханасында өткен салтанатты іс-шараға аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі…

Ары қарай оқу

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың қиын жолдары

Біздің күнделікті күйбең тіршілігіміз қиындыққа толы. Бала-шағаның кішкентай кезіндегі жауапкершілік жүгі толығымен ата-анасына жүктеледі. Есейе келе, адам өз өмірі мен өз отбасының өмірін басқару жауапкершілігін түсініп, түйсіне бастайды. Бұл – қиындығы басым міндет болғанымен қызығы да баршылық. Өйткені, адам өз…

Ары қарай оқу

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БИЫЛ 1000-НАН АСТАМ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды. Ең әуелі Азаттық елді мекеніндегі «Мегагорстрой» ЖШС сауда логистикалық орталығына аялдады. Жоба 352,8 млн. теңгеге жеке қаражат есебінен салынған. Жер көлемі – 3,7 га. Орталықтың құрылысы әлі жүргізіліп келеді. 1-кезеңде автотұрақ,…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА 38 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ МАҚТА ЕГІЛДІ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында көктемгі дала жұмыстары толық аяқталып қойған. Биыл мақтааралдық диқандар 38185 гектар жерге мақта, 11417,1 гектарға бақша, 4015,9 гектарға дәнді дақылдар, 1827,6 гектарға көкөніс, 1888 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескі жоңышқа, 90,2 гектарға жеміс-жидек, 83,2 гектарға…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА ФУТБОЛДАН МЕКТЕПАРАЛЫҚ ЖАСТАР ЛИГАСЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Мақтаарал ауданы мақтасымен ғана емес, дамыған футбол индустриясымен де танымал болуы қажет. Республикамыздағы ауданнан шыққан жалғыз команда ретінде ел біріншілігінде бәсекелі ойын көрсетіп жүрген “Мақтаарал” футбол клубы мен бірнеше рет “Қазақстан чемпионы” атанған клубтың жасөспірімдер құрамасы осы салада ауданның потенциалы…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Күн жылынды дегенше түрлі ауру-сырқаудың да өршитіні белгілі. Әсіресе, кенеден келетін кесір адам өміріне өте қауіпті. Осы орайда энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданында көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ағабек Абдиев…

Ары қарай оқу

МЫРЗАКЕНТ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫНА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде кент әкімінің кубогына арналған спартакиада өтті. Кіші футбол, арқан тартыс, үстел теннисі, шахмат, 100 метрге жүгіру сиқты спорттың бірнеше түрінен өткен дүбірлі додаға кент аумағындағы білім беру мекемелерінен жинақталған 7 команда қатысты.  Жарысты салтанатты…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті.  Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова төрағалық еткен жиынға аудандық ҚДС басқармасы, аудандық орталық аурухананың мамандары, аудандық дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Күн…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА 7 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Бұған дейін аудан әкімі Бақыт Асанов мақталы Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналатынын айтқан болатын. Міне, дәл осы мақсатта биыл 39 елді мекенге бас жоспар әзірлеу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар өз кезегінде аудан…

Ары қарай оқу

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсына қатысуға шақырамыз!

Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсына қатысуға шақырамыз.  Конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы» бойынша әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы; салауатты адамдардың қуатты ұлты; жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.…

Ары қарай оқу

АУДАН ӘКІМІ Б.АСАНОВ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен жергілікті кәсіпкерлермен кездесу жиыны өтті.  Алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басмшысы У.Мырзамданов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Әбдірахманов, “АТФ Банк” АҚ-ның Мақтаарал ауданындағы филиалының менеджері Б.Абдыхалыков, “Аграрлық несие”…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы” Заңының 33, 37-баптарына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29, 30-баптарына сәйкес, аудан әкімі Б.Асановтың өкімімен Мұса Мырза Асқарұлы Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мемлекеттік…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА “ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ” ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

“Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жанынан құрылған Мақтаарал ауданы бойынша лекторлық топ мүшелері С.Кенжебаев, Б.Алипов, Е.Есболовтар Атакент кентіндегі №14 колледжінде сыбайлас жемқорлықтың профилактикалық бағыттары бойынша “Парасаттылық және академиялық адалдық” және “Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті” тақырыптарында семинар өткізді. Семинардың…

Ары қарай оқу

М.ТҰРҒАРАЕВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Құрметті мақтааралдықтар!  Назар аударыңыздар!!!  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің 2019 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен Кеңес мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі түзілген. Аталған кестеге сәйкес, Кеңес мүшесі, Түркістан облысы Әділет…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Түркістан обылысының төтенше жағдайлар департементі тарапынан Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөліміне “Камаз АЦ-8-70” маркалы өрт сөндіру көлігі және аудан әкімдігі тарапынан МП-80 маркалы 6 дана мотопомпалар берілді. Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы міндетін атқарушы Ғалым Джумадиллов хабарлады. Азаматтардың…

Ары қарай оқу

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 74 ЖЫЛДЫҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ДА АТАЛЫП ӨТТІ

Дүние жүзін қанға бөктірген Ұлы Отан соғысының аяқталып, неміс фашистерін әлем халқы алдында тізе бүктірген қасиетті күнге биыл 74 жыл толып отыр. Мақтааралдықтар бұл күнді тойлауды Атакент кентінде бастап, аудан орталығы болған Мырзакент кентінде де жоғары дәрежеде атап өтті.  Ұлы…

Ары қарай оқу

ЖЕҢІС КҮНІ – ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ МЕРЕКЕ

Құрметті қаһарман ардагер ағалар!  Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жеңіс мерекесі – әлемде теңдесі жоқ, елдік пен ерліктің, ержүректік пен батырлықтың, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі. Бұл-халқымыздың мызғымас бірлігінің, беріктігінің арқасында келген қуаныш пен…

Ары қарай оқу

АУДАН ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен арнайы құттықтады.  Қазіргі таңда ауданымызда Ұлы Отан соғысына қатысқан 3 ардагер ғұмыр кешуде. Атап айтқанда, аудан басшысы Атакент кентінде тұратын Николай Дзецина, Еңбекші ауылдық округінде тұратын Бектас…

Ары қарай оқу

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлері! Қадірменді мақтааралдықтар! Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі бүгінгі ұрпақтың санасында нағыз Отансүйгіштіктің үлгісі…

Ары қарай оқу

МАҚТААРАЛДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН ЖЕҢІС КҮНІ ҚАТАР ТОЙЛАНДЫ

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерін мақтааралдықтар мәңгілік даңқ шеруімен бастады. Аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған шерушілер кеудесін оққа тосып, ел үшін жанын берген батыр бабаларымыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, мәңгілік алауға тағзым етті.  Іс-шара барысында аудан басшысы жиналған…

Ары қарай оқу

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ “ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ” ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Елімізде электронды үкімет құру идеясын Елбасы Н.Назарбаев өзінің республиканы әлемдегі бә¬секеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. Міне осыдан бастап елімізде «Электрондық үкімет» порталы құрылып, жұмысын жүргізуде.  Сонымен бірге, үкімет қаулысымен «Цифрлық Қазақстан»…

Ары қарай оқу

БИЫЛ “АҚ АЛТЫННЫҢ” ОТАНЫНДА 35 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ МАҚТА ЕГІЛЕДІ

Мамыражай мамыр айынан бастап Мақтаарал ауданында ауа-райы күрт жылынып, шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Бұл туралы бірнеше шаруа қожалықтарын аралап көріп, мақта егу науқанының жұмыс барысымен танысқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамданов хабарлады.  Биыл мақтааралдық шаруалар…

Ары қарай оқу

Н.ҚАМБАТЫРОВТЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қамбатыров Нұрлан Дәулетұлының 04 мамыр сағат 12:00-де Мақтаарал ауданында өтетін жеке қабылдауы кейінге қалдырылғанын…

Ары қарай оқу