БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Нұр-Отан» партиясының өңірлік филиалдарында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді. Басты тақырып: «Зейнетақыны жоспарлау». Қазір зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бір маңызды сұрақтардың бірі – болашақ…

Ары қарай оқу

Мен таяуда 63 жасқа толдым. Қазір зейнеткермін. Бірақ жұмысымды одан әрі жалғастырып жатырмын. Әлі де істей бергім келеді. Менің білейін дегенім, зейнеткер болсам да жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұстала ма?

Жоқ, ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ олар өз еркімен ерікті жарналар аударуға құқылы. Бұл үшін БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен…

Ары қарай оқу

Менің жұбайым өзінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып еді. Алғашқы төлемді алып та үлгерді. Алайда ақылдаса келе бұл қызметтен бас тартуды жөн көрдік. Енді сақтандыру компаниясына аударған жинақтарымызды Қорға кері қайтара аламыз ба?

Өкінішке қарай, сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын Қорға қайтаруға мүмкіндік жоқ. Өтініштің күшін зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударғанға дейін ғана жоюға болады. Зейнетақы заңнамасы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының тиісті құжаттарын алған соң, оның зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына 10…

Ары қарай оқу

Менің әкем екінші топтағы мүгедек. Оған Қордың бөлімшесіне келу өте қиын. Сұрайын дегенім, Қордың зейнетақы қызметтерін үйде алуға мүмкіндік бар ма?

«БЖЗҚ» АҚ әрбір салымшының (алушының) қамын ойлайды және өзінің зейнетақы қызметтерін әр ыңғайлы тәсілмен ұсынуға тырысады.2015 жылы «Мобильдік агент» жобасын іске қосты. Ондағы мақсат – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне, сондай-ақ жергілікті ұйымдар мен…

Ары қарай оқу

Мен кенші болып жұмыс істеймін. Таяуда жұмыс берушім мен үшін өз қаражаты есебінен айлық табыстың 5 пайызы көлемінде Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуы керектігін естідім. Мен жұмыс берушінің осы жарналарды Қорға дер кезінде аударып отырғандығын қалай білуіме болады?

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірқатар ыңғайлы тәсілдерін ұсынады. Атап айтар болсақ, Сіз шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы  ақпаратты: – Қор кеңсесіне тікелей бару арқылы(Қордың 215 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді); –…

Ары қарай оқу

Биыл мен 59 жасқа толамын. Көп ұзамай Қордан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуім керек. Туған күнім – 31 желтоқсан. «Жаңа жылға дайындаламыз деп жүріп, бұл күні өтініш беріп үлгермеймін бе», – деп қорқамын. Егер өтінішті алдағы жылдың басында берсем қалай болады? Туған күнге дейін беруге болмайма? Өтінішті қайда беруім керек?

Зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнет жасына толған әйел (2019 жылы – 59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі керек. Сәйкесінше егер Сіз биыл үлгере…

Ары қарай оқу

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 жас және одан жоғары, әйелдер 59 жас және одан жоғары) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарға Қордан зейнетақы төлемдерін алу қажеттілігін  хабарлайды. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген…

Ары қарай оқу

ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» НАУҚАНЫ ӨТЕДІ

22 қараша сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халықтық заңгер» атты жалпы ұлттық науқан басталатынын хабарлаймыз. Науқан төмендегі мекен-жай бойынша өткізіледі: Түркістан қаласы, «Батыс-Европа- Батыс-Қытай» тас жолы, 88 квартал, «MEGA CITY» сауда орталығының 1-ші қабаты. Біздің мақсатымыз осы науқан арқылы…

Ары қарай оқу

Аудан әкімінің Н.Есентаевтың 110 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі

Құрметті жерлестер! Қадірлі қонақтар! Ер есімі – ел есінде демекші, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымызға үлкен еңбегі сіңіп “Социалистік Еңбек Ері” атанған Есентаев Нұрмұхамедтің 110 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Нұрмұхамед Есентаев 1909 жылы…

Ары қарай оқу

Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің 2019 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148  Заңында атқарушы билікке аграрлық сектордың ұтымды  және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген. Аталған заңды және жоғары тұрған мемлекеттік органдар басшыларының тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, аудандық ауыл шаруашылығы…

Ары қарай оқу

Аудан әкімінің “Өшпес өнер өрені” атты шығармашылық кеште сөйлеген сөзі

Құрметті аудан тұрғындары! Құрметті Сабырбек Дәніқұлұлы! Біздің Мақтаарал ауданының халқы сізді кәсіби журналист, қарымды қаламгер ретінде жақсы таниды. Республикалық  «Жас қазақ», «Ақ Орда» газеттерінде және «Жалын», «Ақиқат» журналдарында жарық көрген шығармаларыңыз көпшілікке таныс. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан” газетінің Мақтаарал ауданы бойынша …

Ары қарай оқу

2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 10,2 трлн теңге; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 233,6 млрд теңге және…

Ары қарай оқу

Менің атам кәрілік салдарынан ақыл-есін жоғалту ауруына шалдығып, ауруханада жатыр. Мен оның қамқоршысымын. БЖЗҚ-дан оның шоты бойынша үзінді көшірме алсам деп едім. Бұл үшін құжаттар тапсыру керек?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабына сәйкес психикалық аурулар немесе кемақылдылық салдарынан өз әрекетінің мәнін түсінбейтін немесе өзін басқара алмайтын азаматты сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін. Осыған байланысты оған қамқоршы тағайындалады. Ол іс-әрекетке қабілетсіз адамның атынан мәміле жасауға құқылы. Бірыңғай…

Ары қарай оқу

Мен банктен кредит алған едім. Қазір төлеу мерзімін өткізіп алдым. Банк сотқа арызданбақшы. Менің білгім келетіні, жеке зейнетақы шотымдағы қалдық ақша мен оның қозғалысы туралы анықтама кімдерге беріледі?

БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 57-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпия сақталуына кепілдік береді. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшының өзіне және оның заң бойынша рәсімдеген жазбаша келісімі бойынша кез келген үшінші адамға ашылуы мүмкін. Сонымен жеке зейнетақы…

Ары қарай оқу

Осыдан екі апта бұрын Талдықорған қаласынан Алматы қаласына көшу барысында БЖЗҚ-дан берілген зейнетақы туралы шартты жоғалтып алдым. Оны қалай қалпына келтіруге болады? Оған енді жаңа мекенжайымды енгізуім керек пе?

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың орнына жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы  өтініштің көшірмесі (телнұсқасы) беріледі. Оны алудың екі жолы қарастырылған: 1) Қордың жергілікті бөлімшесіне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен өзіңіз келіп ЖЗШ ашу жөніндегі өтініштің…

Ары қарай оқу

Менің зейнетке шыққаныма екі жыл болды. Таяуда жұмыс берушімнің зейнетақы қорындағы шотыма міндетті зейнетақы жарналарын аударғаны туралы құжат тауып алдым. Енді Қордағы бұл жинақ ақшаны қалай алуға болады?

2018 жылдың қазанында зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асыру үшін Композиттік қызмет іске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) мен зейнетақы қорындағы жинақтары есебінен…

Ары қарай оқу

Менің ұлым он жылдан астам уақыттан бері Ресейдің Челябинск қаласында тұрады. Қазір мен де Ресейге қоныс аударуды ойластырып жүрмін. Ендеше Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ ақшамды қалай алсам болады?

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтарыңыз болса, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге қоныс аударуыңызға байланысты оларды толық мөлшерде алуыңызға құқыңыз бар. Бұл ретте Қорға құжаттарды тапсырудың мынадай…

Ары қарай оқу

Мақтаарал ауданы мәслихатының депутаттары

Рет саны Депутаттың аты-жөні Сайлау округі 1 Асауов Әділхан Жолдасұлы Достық а/о 2 Әбдіров Жарқынбек Жаппарұлы Ж.Нұрлыбаев а/о 3 Әбілов Бауыржан Үмбетәліұлы Иіржар а/о 4 Жолдасов Алданияз Бастарұлы Мырзакент кенті 5 Жұмаділов Ералы Бектұрсынұла Еңбекші а/о Жаңажол а/о 6 Жұманов…

Ары қарай оқу

БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр

Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді Ағымдағы жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта еліміздің шалғай орналасқан елдімекендерінің тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту үшін бірлескен жобаны іске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына…

Ары қарай оқу

2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға…

Ары қарай оқу