ЦИФРЛЫҚ АГЕНТ

Ұсынылған қосымша қазақстандықтарға нақты уақыт режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларға, оның ішінде ХҚКОда, салық органдарында, ауруханаларда және басқа да мекемелерде қызмет көрсету сапасы туралы ақпараттандыратын болады.

Бірінші сатыда ХҚКО-тары мен Арнайы мамандандырылған ХҚКО-тарында көрсететін қызметтерді бағалау қарастырылып отыр. Кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемиқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі осыны басқа көрсетілетін қызметті берушілерге, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға таратады.

Халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау критерилерінде сыпайылық пен қызметшінің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және басқа бағалаулар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау 5-баллдық жүйе бойынша жүргізіледі. Бұдан басқа, қосымша бағалау кезінде фото және видеоматериалдарды қосуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың қосымша арқылы қандай да бір мәселелермен байланысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушілерге оны шешуге 5 минут уақыт беріледі, содан кейін мәселелерді шешуге мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылауды іске асырушы орган ретінде Агенттік қосылады.

Агенттіктің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев атап өткендей, ведомство «постфактум» бұзушылықтарды мониторингілеуден азаматтардың проблемаларын барынша оперативті түрде шешуге көшеді.

Сонымен қатар, автоматтық режимде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аймақтар, мемлекеттік органдар және т.б. статистикалық деректері мен рейтингілері қаралып отырады.

Қосымшаны жетілдіру үшін азаматтардың ұсыныстары негізгі қолданушылар ретінде бақыланып отырады.

Қосымшаны ұсыну кезінде Агенттік барлық азаматтарды мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді бағалауды және аталған қосымшаны қолдануға шақырады.

Мақтаарал ауданы әкімі аппараты

ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау

және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі